Біз туралы
Киностудияның негізгі қызметі — көркем, деректі және анимациялық фильмдер өндіру.
Қызмет:
- түсіру техникасы;
- түсіру павильоны;
- түсіру алаңын таңдау;
- жарық аппаратурасы;
- дыбыс құрал-жабдығы;
- фильмдер монтажы;
- декорациялар құру;
- костюмдер прокаты
- кастингтер
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ құрылымы мынадай бөлімшелерден тұрады:
- Продюсерлік орталық — киностудия жобаларына алдыңғы қатарлы продюсерлік компаниялардың, киноиндустрияда жетістікке жеткен продюсерлер мен режиссерлердің қатысуын қамтамасыз етеді;
- Кинопрокат пен дистрибуция орталығы — кинокартиналардың прокатымен, ТМД мен әлемнің алдыңғы қатарлы дистрибьюторлық компаниялармен байланыс орнатумен айналысады;
- Халықаралық ынтымақтастық орталығы — Қазақстанның халықаралық кинофестивальдар мен кинонарыққа қатысуы мәселелерімен айналысады;
- Киножобаларды дамыту орталығы — көрермендер қатарын көбейту мақсатында сценарлық жобаларды жетілдірумен айналысады.








