Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қалыптасу тарихы

1925 жыл: Қазақстан туралы түсірілген алғашқы «Қазақ АКСР бесінші мерейтойы» деректі фильмі шықты.

1928 жыл: Мәскеуде РСФР КеңХалком жанында Бүкілресейлік трест — «Шығыс» Акционерлік қоғамы құрылды, мақсат — Шығыс елдерінің киношежіресін жасау болды.

1929 жыл: Қазақстанда, «Шығыскино» трестінің негізінде, режиссер В. Турин «Түрксіб» фильмін түсіреді («Стальной путь»). Бұл кинокартина әлемдік кинематографияның бұдан әрі дамуына зор әсерін тигізген үздік фильмдер тізіміне кірді.

1930 жыл: «Шығыскино» тресті негізінде түсірілген фильмдер:

  •  «Дала әуендері» көркем фильмі, мұнда басты роль — кедей-шаруа роліне Серке Қожамқұлов түсті.
  • «Жұт» көркем фильмі, мұнда басты рольді Хакім Дәулетбеков орындады.

Серке Қожамқұлов пен Хакім Дәулетбеков қазақ кинематографиясының қалыптасуына және дамуына лайықты үлес қосты, оларды шын мәнісінде қазақ киносының алғашқы актерлері деп атауға болады.

1934 жыл: Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылды.

1936 жыл: Алматы кинхроника студиясында деректі фильмдер шығарыла бастады.

Амангелді Иманов

Амангелді Иманов
1938 жыл: «Ленфильм» киностудиясында Қазақтың тұңғыш көркем фильмі — «Амангелді» түсірілді.

1941 жыл: Алматыда көркем фильмдер киностудиясы ұйымдастырылды.

12 қыркүйек 1941 жыл: Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің 1942 жылғы 12 қыркүйектегі №762 қаулысы негізінде Алматы көркем фильмдер киностудиясы ұйымдастырылды.

15 қараша 1941 жыл: Алматылық киностудия Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиясымен қосылып — Біріккен Орталық Киностудия болды да, Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеді және соғыс жылдарында отандық барлық көркем фильмнің 80% шығарды.

25 қаңтар 1944 жыл: Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы деп аталды.

1946 жыл: «Абай әуендері» фильмі жарыққа шықты (режиссер- Г. Л. Рошаль, Е. Е. Арон; басты рольде: Қ.Қуанышбаев, Ш. Айманов).

1953 жыл: «Жамбыл» фильмі жарыққа шықты (режиссер Е. Л. Дзиган; басты рольде: Ш. Айманов).

1954 жыл: «Махаббат туралы поэма» фильмі жарыққа шықты. Осы кинокартинадан бастап, Алматы киностудиясында көркем фильмдер жүйелі түрде шыға бастады.

9 қаңтар 1960 жыл: Қазақ КСР мәдениет Министрлігінің бұйрығымен Алматы киностудиясының атауы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы деп ауыстырылды.

8-9 қаңтар 1963 жыл: Қазақстан Кинематографистер одағының бірінші Құрылтай съезі болды, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.

28 мамыр 1963 жыл: Қазақ кинематографиясы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі Мемлекеттік Комитеті — Қазақ ССР Мемлекеттік киносы құрылды (1963–1988).

1967 жыл: Қазақстанда мультипликациялық фильмдер шығарыла бастады. Қазақстандық алғашқы мультфильм Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты фильмі болды.

1984 жыл: «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографтың көрнекті қайраткері Шәкена Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді. (Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).



Шәкен Кенжетайұы Айманов

1985 ж.: Республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестік — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» РШӨБ

20 тамыз 1996 жыл: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы (материалдық-техникалық база) және ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы (шығармашылық процесті ұйымдастыру, тәуелсіз продюсерлік студиялармен жұмыс істеу) деп екіге бөлді.

28 наурыз 2000 жыл: Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат пен Мемфильмқор - Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға бірігу арқылы — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК болып қайта құрылды. Бас директор болып Қасымжанов Баққожа Қасымжанұлы тағайындалды.

12 мамыр 2002 жыл: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК Бас директоры болып Азимов Сергей Жұмабайұлы тағайындалды.

2005 жыл: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 06 маусым айындағы «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» №563 қаулысына сәйкес Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Республикалық мемлекеттік-қазыналық кәсіпорын - «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамы» болып қайта құрылды.

2006 жылдың 27 маусымынан: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті — Азимов Сергей Жұмабайұлы.

2007 жылдың 21 қарашасынан: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті болып Қашағанова Анар Екейбайқызы тағайындалды.

2008 жылдың 30 мамырынан: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып Аманшаев Ермек Әмірханұлы тағайындалды.