Әкімшілік

Аманшаев Ермек Әмірханұлы
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті
1963 ж. 12 наурызда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Маңғыстау облысындағы Ералиев кентіндегі №1 орта мектепті бітірді. 1985 ж. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді; филолог, филология ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Әдеби бейне жасаудағы рухани және көркемдік қайнар көздері», 2005 ж.)
1979 ж. — Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.
1985–86 жж. — Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;
1986–88 жж. — Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;
1988–91 жж. — «Жалын» журналының жауапты хатшысы;
1991–95 жж. — ҚазМУ аға оқытушысы;
1995–97 жж. — Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;
1997—2000 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2000—2002 жж. — Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;
2002—2003 жж. — Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;
2003—2004 жж. — Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;
2004—2006 жж. — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;
2006 ж., мамыр—қыркүйек — Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
2006—2008 жж. — Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2008 ж., сәуір-мамыр — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;
2008 ж. 30 мамырдан — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.
Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Театр қайраткерлері, Қазақстан Кинематографистер Одақтарының мүшесі.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.
10 астам ғылыми еңбек пен кітап авторы: «Албасты туралы аңыз», «Песнь мотылька», «Үзілген бесік жыры» (жас драматургтар халықаралық фестивалі лауреаты, Мәскеу,1991 ж.), «Там за бугром, где рай земной», «Балкон», «Құбылыс» (Ф.Кафка), «Сұлтан болсам егерде» ( С. Ваннус), «Аладдин және сиқыршы».
Пьесалары М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық Орыс драма театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.








