Қазақстандағы каскадерлер қауымдастығы

 

1

Қазақстандағы каскадерлер қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы ресми түрде тіркелген жалғыз каскадерлер ұйымы, сонымен қатар Халықаралық трюктер Академиясының өкілетті өкілі болып табылады. Каскадерлер мен Ассоциацияның трюктерді қоюшылары кино мен шоу-бағдарламалардағы жұмыста көпжылдық тәжірибелері бар және киноиндустрия қызметкерлері оларды  өз республикамыз бен шетелдерде өз мамандықтарының үздіктері деп мойындаған. Халықаралық трюк өнері мен кинофестивальдарының қатысушылары мен  дипломанттары.

Киножобаларда, роликтер мен клиптерде небір күрделі трюктерді кәсіби тұрғыдан орындау және оларды қою. Автокөліктерде, мотоциклдерде және  ат үстіндегі  трюктік шоу-бағдарламалар.  Пиротехникалық эффекттер. Арнайы эффекттер, өрт.

Трюктегі бағыттар:

  • Сахналық қимыл-қозғалыстар
  • Акробатика
  • Сахнада ұрыс сахналарын (оның ішінде қарумен) қою және  орындау
  • Әртүрлі биіктіктен (оның ішінде өртке оранып) құлау, қарғу
  • Әуеде жұмыс істеу (парашют, вертолет, самолет,  дельтаплан)
  • Адамның жануы
  • Автокөлікпен трюктер
  • Мотоциклеттік
  • Ат үстіндегі трюктер
  • Жарылыста  жұмыс істеу
  • Троста жұмыс істеу

Өз автокөліктері, мотоциклдері мен квадроциклдері, арнайы дайындаған аттары, тіркемесі бар (фура) жүк автокөліктері, әртүрлі конфигурациядағы, автокөліктер мен мотоциклдерде шыр айналу және секіруге арналған  алты секіру трамплині, пиротехникалық құрылғылар, газ жабдықтары, тростық жүйелер, трюктерді кәсіби орындау үшін арнайы костюмдер мен құрал-жабдықтары бар.

kazskad2               
Соңғы уақытта біздің каскадерлер отандық және шетелдік көптеген киножобаларда жұмыс істеді.

Фильмография:

  •  «Шарп» (Ұлыбритания)
  • «Кері оралу». АҚШ,  режиссер: Питер Уир
  • «Эх, еркектер» (Қазақстан)
  • «Секер» (Қазақстан)
  • «Ағайындылар» (Қазақстан)
  • «Рэкетир» (Қазақстан)
  • «Келін»( Қазақстан)
  • «Бөрібасар» (Словакия)
  • «Апокалипсис жұмбағы» (Ресей)
  • «Күміс» (Ресей)
  • «Моңғол» (Қазақстан)
  • «Жоғары мәртебелім» (АҚШ)
  • «Кері қайтар жол» (АҚШ)
  • «Сұлтан Бейбарыс» (АЭО)
  • «Вокальды параллельдер»
  • «Оңтүстік теңіз әуендері», режиссер: Марат Сарұлы
  • «Жеткізу» («Керуен»). Ресей, режиссер: Мұрат Алиев.
  • «Мұстафа Шоқай» (Қазақстан)
  • «Күндізгі барлаушы» (Ресей)
  • «Шу-Чу» (Қазақстан)
  • «Қақпа» (Ресей)
  • «Бақсы» (Қазақстан)
  • «Кері жағы» (Қазақстан)
  • «Сіз кімсіз, Ка мырза?»( Қазақстан)
  • «Атажұрт» (Қазақстан)
  • «Бесінші центурия – қазынаны іздестіруде» (Ресей)
  • «Менің балалық шағымның аспаны» (Қазақстан)
  • «Жабайы өріс» (Қазақстан)
  • «Мүмкін емес махаббат» (Қазақстан)
  • «Астана-махаббатым менің!» (Қазақстан)
  • «Лаве» (Қазақстан)
  • «Жоюшы» (Қазақстан)
  • «Қыз-Жібек...аңыздың оралуы» (трейлер) Қазақстан
  • «Көшпенді» (Қазақстан)
  • «Кара майор» Егор Кончаловский.
  • «Жабайы шығыс» (Қазақстан)

Мына кинофильмдерде жұмыс жүргізілуде:

  • «Жеңу» (Қазақстан)
  • «001 жүк» (Қазақстан)
  • «Мамырдың жеті  күні» (Қазақстан)
  • «Ағайындылар» (Қазақстан)
  • «Баха мен Таха» (Қазақстан)
  • «Жеңіс қанжары» (Қазақстан)

Қауымдастық  құрамына каскадерлердің екі кәсіби тобы кіреді, олар бірлесіп және бір-бірін толықтыра отырып жұмыс істейді. Өйткені әрбір топтың өзінің негізгі трюк жасау бағыттары бар:

11kazskad3

«Номад» тобына Кунгужинов Жайдарбек басшылық жасайды. Топтың негізін қалаған ол — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, каскадер, жоғарғы категориядағы трюктер қоюшы, Кинематографистер одағының мүшесі, Халықаралық трюк өнері фестивальдерінің  көп дүркін жүлдегері.

Негізгі бағыттары: ат үстіндегі трюктер, сахнадағы қозғалыс, акробатика, троста жұмыс істеу, ұрыс-төбелес сахналарын қою және орындау, биіктен қарғу, отпен жұмыс істеу, пиротехника.

Байланыс телефоны: +7705-715-26-44; +7701-715-26-44;  E-mail: jaydok@mail.ru

«Лидер» тобына — Александр Терехов басшылық жасайды. Ол Халықаралық трюк өнері фестивальдерінің көп дүркін жүлдегері, каскадер, жоғарғы категориялы трюктер қоюшы, Кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстан рекордтар кітабының иегері, Қазақстан каскадерлер Қауымдастығының негізін қалаушы және президент.  

Негізгі бағыттары: авторюктер, мототрюктер, арнайы эффекттер, акробатика,  газ құрылғыларымен жұмыс істеу, биіктен қарғу, отпен жұмыс істеу, пиротехника, әуе трюктері.

kazskad5

Байланыс телефоны: +7701-347-22-40; +7777-226-83-76; E-mail: stuntman_as@mail.ru