«Еуразия» ХКФ

«Еуразия» Халықаралық Кинофестивалі:  Жетістік баспалдақтары
(1998-2010)

Алғысөз

Әлемдік киноиндустрия қарқынды ырғақпен дамуда. Даму бағыттары өзгеруде, прокат өндірісінің технологиясы мен фильмдер көрсетілімі барған сайын жетіле түсуде, киноның әлемдік нарығы үшін бәсекелестік және осы саладағы фильмдерді айналымға түсіру де дамып отыр.

Бірақ қалай дегенде де кинематографтың әлемдік картасында Мәскеу, Токио, Пусан және Шанхай кинофестивальдары арасында зор «ақтаңдақ» бар  және осы кеңістік күні кешеге дейін  әлемдік киноиндустрияда бос болып келді.

Сондықтан  Қазақстанның кең жазықтығында әу бастан-ақ  Еуропа мен Азия киносын жалғастыратын көпір орайында ойластырылған «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің пайда болуы өте қисынды еді.