Киноға қалай түсуге болады?
«Киноактер» ШБ қызметінің негізгі бағыты: кино-, сурет-, бейнетүсірілім, жарнама өндірісі, промоушн акцияларына орындаушы құрамды кәсіби таңдау.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысатын барлық жобалар туралы (коммерциялық, бюджеттік) мәліметтер базасын қалыптастыру.
Дубляж бен фильмдерді дыбыстау үшін, бюджеттен тыс жобалар, жарнамалық және актерлік жеке агенттіктер үшін коммерциялық негізде кәсіби актерлер, оның ішінде балалар дауыстарының мәліметтер базасын ұсыну.
Сценарий немесе тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы бойынша кастингтер жүргізу. Фото-, бейнетүсірілімнің барлық түрінен арнайы барып және павильонда қызмет көрсету. Жарнама агенттері мен шоу-бағдарламалар үшін. «Қазақфильм» АҚ жобаларына басымдық беріледі.
Актерлік шеберлік курстары, актерлерді мақсатты тапсырыстарға дайындау, жеке дайындау.
Тапсырыс беруші үшін кәсіби портфолио дайындау.
- Актерлердің мәліметтер базасын қалыптастыру
- Дыбыстау үшін дауыстардың мәліметтер базасын қалыптастыру
- «Қазақфильм» АҚ жобасы бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру
- Кастинг өткізу
- Актерлік шеберлік курстарын өткізу
«Қазақфильм» киностудиясының «Киноактер» ШБ актерлік мәліметтер базасына тіркеу ережелері
- Мәліметтер базасына кіру – 2,5 мың теңге;
- Қажетті құжаттар: үміткерлердің жеке куәлігінің және бухгалтерия үшін өздерінің немесе ата аналарының СТР (РНН) көшірмесі;
- Портфолио (суреттер) 10х15 см. көлеміндегі 3-4 сурет. Міндетті түрде: портрет (бет-жүзі ірі көріністе) және тұтас бойымен түскен сурет;
- Барлық құжаттармен мына мекен-жайға хабарласу керек: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 176, ПЛК корпусы, 274 кабинет.
Мәліметтер 3 жыл бойы сақталады. Мәліметтерде өзгерістер болған жағдайда (телефон, электронды адрес, т.б.),актерлік бөлімге, Жанна Қуанышеваға +7(727)248-27-38 телефонына хабарласу қажет.
Кастингті түсіру топтары жүргізеді, олар туралы мәліметтерді сайттың тиісті бөлімдерінен алуға болады.








