Алғашқы фильмді қалай түсіруге болады
Көптеген жас адамның пікірінше, фильм түсіру өте үлкен шаруа және толықметражды фильм түсіруге батылы баратындар жоқ та шығар деп ойлайды. Ал, іс жүзінде шын мәнінде толықметражды көркем фильм дегеніңіз идеядан басталады.
Идея
Егер сізде фильмнің идеясы болса да, түсіру процесінің өзі бірнеше минутқа ғана созылады, кинорежиссерлердің барлығы осыдан бастаған. Демек, егер де сізде фильмнің идеясы болса, мейлі ол тіпті қысқаша болса да – бұл Сіздің кинорежиссерлік мансабыңыздың бастамасы болады.
Сценарий
Сіздің басыңызға идея келгеннен кейін, енді сіз өзіңіздің фильміңізде көрсеткіңіз келген актерлердің мінез құлықтарын жазып шығуыңыз керек. Спектакльдерге барып, спектакльдің қалай өтіп жатқандығын бақылап қана қоймай, көзіңізді жұмып алып пьесада не туралы айтылып жатқандығын тыңдасаңыз едәуір алға жылжығаныңыз. Осылай жасасаңыз сіз өз идеяңызды сөз арқылы көз алдыңызға елестетесіз.
Қаржыландыру
Фильм түсірудегі үлкен бір кедергі қаржы іздеу болып табылады. Егер де сіздің идеяңыз бен сценарийіңіз әлемдік көкейкесті мәселе көтерсе немесе сіздің жаныңызды ауыртатын жайтты бүкіл әлем көруі керек болса - сіздің кино жобаңызға қаржы да табылады деген сөз. Егер де сізді түсіру жабдықтарын қаржыландыру, сондай-ақ киножобаларға қармекен-жай бойынша Дарья Белкинамен байланыса аласыз: d_belkina@kazakhfilmstudios.kz
Аппаратура
Ең баста сізге ең қажеттісі — кино түсіруге деген құлшынысыңыз, камера және идея. Қалғаны бола жатар.
Монтаж
Сіз өз фильміңіздің монтажын макинтош жабдығында жүзеге асыра аласыз — бұл клиптер мен қысқа метражды фильмдер үшін арналған бағдарламалары бар ноутбуктер.
Пост-продакшн
Сіз өзіңіздің фильміңізді түсіріп болған соң оны дыбыстау және барлық кадрды монтаждау керек - кинопроцестің бұл міндеті пост-продакшн деп аталады. Бұл кезеңге де сіз толықметражды фильмдер үшін халықаралық киноқорлар арқылы қаржыландыру көзін таба аласыз. Егер де сізге киноқорларға байланысты нақтырақ ақпарат қажет болса, мына мекен-жай бойынша хат жазыңыз: d_belkina@kazakhfilmstudios.kz
Айналымға түсіру
Кинофестивальдер
Егер де сіздің фильміңіз арт-хаус жанрына жататын болса, сіз оны бүкіл әлем бойынша кинофестивальдерде көрсете аласыз.
Кинопрокат
Егер де сіздің фильміңіз коммерциялық киноға жататын болса, сіз оны прокатқа кинотеатрларға бере аласыз. Кинопрокат туралы нақтырақ білгіңіз келсе, мына мекен-жайға хат жазыңыз:
Прокат пен дистрибуция дирекциясы:
Айдархан Әділбаев
Прокат пен дистрибуция директоры
+7 (727) 248-20-22
a_adilbaev@kazakhfilmstudios.kz








