Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Киножобаларын дамыту Орталығы

Киножобаларды дамыту орталығы (КДО) — «Қазақфильм» киностудиясының құрылымдық бөлімшесі. Басты мақсаты  киножобаларды олардың рентабельділігін  маркетингтік және  қаржылай негіздеумен айналыса отырып дамыту болып табылады.

Орталық қызметінің негізгі кілті —  «Development / Даму» ұғымы. Өйткені шығаруға жоспарланып отырылған жобаларды, нарықтағы жағдайды ескере және тиісті қаржылық-экономикалық есептерді жасай отырып қайта жаңарту немесе түбегейлі өзгерту бағытында жұмыс істейді.

Орталықтың міндеттері:

  • Нарықты зерттеу және талдау;
  • Киножобаларды, көркемдік және коммерциялық концепцияны ескере отырып, бастапқы идеядан бастап кеңейтілген синопсиске дейін жасап шығу;
  • Киножобаларды айналымға түсіру;
  • Инвестициялар тарту.