«Біздің жобалар туралы» таныстырылым

Қазақстан кинокомпаниялары арасында ауданы 24 123, 6 шаршы метр  болатын үш өндірістік корпусы бар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жетекші орын иеленеді. Киностудияның жалпы ауданы 15,4 гектарды құрайды.

Орташа есеппен Қазақстан экрандарына шамамен 30 картина шығады. «Қазақфильм» киностудиясы жылына шамамен 10 толықметражды фильм шығарады.
Қазақстандық фильмдер көрермендерінің үлес салмағы 2003 жылдан бері 3 есеге ұлғайды. Бұл көрсеткіш - соңғы жылдары көрермендер аудиториясының отандық фильмдерге деген қызығушылығы артып отырғанын білдіреді.

Кассалық кірістерді бағалау Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері бойынша жасалды. 2007 жылы кинотеатрларға келген жалпы көрермен саны 6 414 100 адам болғанда билеттің орташа бағасын 455 теңге деп есептегенде кассалық жинақтардың жылдық көлемі 2 918 400 теңге болды. 2003 жылдан бастап жалпы кассалық жинақтар 3 есеге ұлғайды. Бұл көрсеткішті онша жоғары деп санауға болмайды, өйткені осы уақытта билет құны екі есеге өсіп кеткен болатын.

Кассалық түсімнің 2007 жылы 131,5 млн. теңге болып едәуір ұлғаюы - 2006 жылы жоғары разрядты тұрақты кинотеатрларда 3 166 орындық 18 кинозалдың пайдалануға берілуі және оның алдындағы жылмен салыстырғанда экрандарға 55 шетелдік фильмнің артық шығуы нәтижесінде болды. Қазақстанның нарығы әлі толыққан жоқ, оның бұдан да ары қарай дамуы үшін көптеген ресурсы бар.

Қазақстан фильмдерінен жиналатын түсім үлесі соңғы бес жыл бойында тұрақты болып және  жалпы кассалық түсімнің 4-10%-ын құрап отыр. Орташа есеппен алғанда, отандық фильмдер нарықтың 7%-ын алады.  2007 жылы жалпы кассалық түсімдегі отандық фильмдердң үлесі 7,1% , ал Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірісіндегі фильмдер 0,02%-ын құрады.

Кассалық түсімдерді фильмдерді шығарушы елдер бойынша бөлгендегі картина мынадай:

  • 7%-ды ішінде «Моңғол», «Рэкетир», «Қараой» және жеке компаниялардың өзге де фильмдері бар қазақстандық картиналар жинады;
  • 25–27%-ды ресейлік ленталар жинады;
  • 60%-ды америкалық және басқа да шетелдік фильмдер жинады.

Жалпы кассалық түсімде отандық фильмдер үлесінің ұлғаюын шектейтін негізгі себеп — экранға шығарылатын картиналар санының аздығы болып табылады.