«Қазақфильм» АҚ ДТҚБ бойынша көрсетілетін қызметтің негізгі түрлері мен өндірістік қуаттар туралы ақпарат
Декорациялық-техникалық құрал жабдықтар бөлімі (ДТҚБ) «Қазақфильм» АҚ-ның кинофильмдерді шығару барысында Киножобаларды көркемдеп – декорациялау жұмысына және түсіру топтарын алуан түрлі декорациялық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды атқаратын техникалық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Өндіріс орындарының қысқаша сипаттамасы:
Столярлық орын: өндіріс ауданы — 498 м2. Жабдықталу паркі жалпы бағыттағы ағаш өңдеуші 12 бірлік жабдықпен қамтамасыз етілген.
Бутафорлық орын: өндіріс ауданы — 116 м2. Жабдықталу паркі вакуумформалық машинамен қамтамасыз етілген.
Механикалық орын: өндіріс ауданы — 211 м2. Темір кесетін, электр дәнекерлеуші темір-пресстік жабдықтар бағы 15 бірлікпен қамтамасыз етілген.
ДТКБ қызметінің негізгі түрлеріне жататындар:
Декорациялық кешендерді құрастыру және қызмет көрсету, олар шынайы түсіру алаңдарында да, сонымен қатар түсіру павильондарында көркемдік және режиссерлік ойлардың және кинокартина суретшілерінің жұмысшы эскиздері негізінде де жүзеге асырылады.
Жабдықталатын заттық декорациялардың негізгі түрлері:
- Саман үйлер, киіз үйлер, каркас, кірпіш, тастан салынған құрылыстар, шаруашылық құрылыстары (қашарлар, қалқандар, құдықтар, мал суаратын астаулар, жылқы тұратын мекендер және т.б.) бар ауылдарды, кенттерді, мал жайылымдарын, күздеулер мен қыстауларды құрастыру.
- Ішінде қамалдар, қалалық кварталдар, мешіттер, жаттықтыру лагерьлері, әртүрлі инженерлік ғимараттар (көпірлер, мұнаралар, сарайлар, эстакадалар) сияқты нысандары бар кешенді үлкен ғимараттар құрылысын салу. Мысалы, «Көшпенділер» кинофильмі үшін Алматы қаласынан 115 шақырым қашықтықта, Іле өзенінің жағалауында 2003 жылы салынған «Түркістан қаласы» атты көркемдік-декорациялық кешен құрылысы.
Заттай декорациялардың құрылысы кезінде пайдаланылатын негізгі материалдар:
- кесу материалы
- домалақ бөренелер
- кірпіш
- қамыс
- фанера
- темір
- батпақ
- құм
- цемент
- басқа да әрлеу және бояу материалдары.
Түсіру павильондарында жабдықталатын декорацияларының негізгі түрлері: пәтерлер, офистер, қонақ үй номерлері, бөлмелер, банктегі сақтайтын орындар, үңгірлер мен сарайлардың жекелеген фрагменттері және т.б.
Мысалы, соңғы уақытта түсірілген «Келін», «Қош бол, Гүлсары», «Мұстафа Шоқай», «Гүлші» кинофильмдерінің декорациялары.
Әртүрлі ойын реквизиттерін дайындау, жөндеу, декорациялардағы жекелеген бөлшектерді жөндеу, дайындау, әртүрлі бутафорлық жұмыстар өндірісі.
Ағаш жиһаздар мен ағаштан жасалған өнімдер — орындықтар үстелдер, шкафтар, керуеттер, сандықтар, жақтаулар, терезеалды ағаштары.
Реквизит — күрзі-шоқпарлар, найзалар, пистолеттер мен бутафорлық қылыштар, қамшылар, ақшалай бумалар, керуендік теңдер, ядролық және снарядтық зеңбіректер, күймелер, құмыралар, пенопластан жасалған мүсіндер, арбалар, шаналар, шаңғылар, адамдар мен жануарлардың нақпішіндері, қол диірмендер.
Түсіру павильондарын ұсынудағы қызмет түрлері - әртүрлі клиптер, роликтер мен презентациялар түсірілімдерін өткізу үшін.
Студияда кинотүсірілімдер жасауға болатын екі түсіру павильоны бар, атап айтқанда:
№ 1 павильон — типтік павильон, ауданы 720 м2, жұмыс жасауға болатын биіктігі 7 м. Павильонның төбесінде, жоғарғы жағында темір конструкция монтаждалып, онда жарықтандырғыш бөренелерді бекітуге, декорацияның жекелеген элементтерінің бекіту және көтеруге, әртүрлі фондарды ілуге арналған жүк көтергіш механизмдер (электротельферлер, қол жүкарбалары) орналастырылған.
Осы жылдың аяғына дейін осы № 1 павильонды модернизациялау мен механикалық құрал жабдықтары, орталықтандырылған компьютерлік басқаруымен, жарықтандыратын аспаптарын орнатып, қайтадан жарақтандыру жұмыстары толығымен аяқталады, нәтижесінде мұнда кинотүсірілімдер де, сондай-ақ алуан түрлі теледидарлық бағдарламаларды, оның ішінде телехикаяларды түсіруге болады.
№ 2 павильон өзінің құрылғылары мен қондырғылары, өндірістік ауданы мен жүк көтергіш құрал-жабдықтары жағынан № 1 павильонмен бірдей. Павильонды модернизациялау жұмыстары 2009 жылға жоспарланған, мұның өзі онда да телевизиялық түрлі түсірілімдер жасауға мүмкіндік береді.
№1 және №2 түсірілім павильондарынан басқа 2009 жылға ауданы 210 м2 ғимаратты компьютерлік графиканың арнайы эффектілері үшін жеке студия ретінде қайта жарақтау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.








